Блог статистикасы
196
Жазбалар
2591
Өтініштер
112620
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

"Қостанай облысының өңірлік брендын" анықтау бойынша байқау


"Қостанай облысының өңірлік брендын" анықтау бойынша байқау

Өз жұмысында Байқауға қатысушылар, бренд Қостанай облысын  келесі бейнеде айқындайтынын ескерулері тиіс:

Қостанай облысы - бұл тарихы мен мәдениеті өте бай өңір. Мұнда, өзіндік ерекшелігін сақтап, көптеген этностар мен діни конфессиялардың өкілдері  тұрады. Облыс Тәуелсіз Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, ол қостанайлықтардың мәдени келбетінің бірегейлігін түсіндіреді. Өңір қоғамдық тұрақтылық пен келісімнің жоғары денгейіде болып келеді. Мұнда адам ұлты мен діни қатыстылығына қарамастан өзін қауіпсіз сезінеді. Қостанайлықтардың басты құндылықтары – қонақжайлық, толеранттық, үлкенге құрмет,  берік отбасылық дәстүрлер, достық және ашықтық.

Қостанай облысы  республикада аумақ бойынша ең үлкен облыстардың бірі және бірегей табиғи түрлілігімен, жоғары туристік әлеуетімен байқалады. Қостанайлық ауыл шаруашылық өнімдері жоғары және экологиялық сапасымен ерекшелінеді және Қазақстанның өзінде ғана емес, достас елдер мен шетелдерде де сұранысқа ие.

Облыста экономика  серпінді дамып келеді, бизнесті жүргізу үшін және  шетелдік инвесторларға қолайлы жағдайлар жасалады.  Қазақстанның әріптесі Россиямен шекарада қолайлы орналасуының арқасында, Қостанайдың көлік тамырлары ірі әлемдік нарықтарды байланыстырады. Өңір ғылыми- техникалық прогресстің алдыңғы қатарлы жетістіктерін жасап және тарта отырып,  жаңа өндірістер ашып, инновациялық экономиканы дамытып келеді.


Байқаудың кезеңдері:

БАЙҚАУДЫ ЖАРИЯЛАУ (құлағдар ету)

Өтініштер 14 наурыздан бастап 14 сәуірге дейін қабылданады

БАЙҚАУДЫҢ 1 КЕЗЕНІ

Интернет арқылы дауыс беру 15 сәуірден бастап 30 сәуірге дейін

БАЙҚАУДЫҢ 2 КЕЗЕНІ

Үміткерлердің жұмысын таныстыру 1 мамырдан бастап 20 мамырға дейін

Байқаудың жеңімпазын жариялау 


Қосымша ақпарат



хат жіберу