Блог статистикасы
195
Жазбалар
3462
Өтініштер
147338
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Общая информация об управлении

Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ

1.Мекенжай: 110000, Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 66, 501 каб.

2.Басшының м.а: Байменова Зәуре Әнуарбекқызы

3.Электрондық пошта мекенжайы:                                                                             politika@kostanay.gov.kz

4.Сенім телефоны:    

8 (7142) 575-192 қабылдау бөлмесінің: 575-190, 575-353 факс

 






«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

Әкімдіктің
2016 жылғы 15 тамыздағы
№ 387 қаулысымен
бекітілген

1. Жалпы ережелер

1. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысының аумағында мемлекеттік саясатты іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қостанай облысының әкімдігі болып табылады.

  2. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:

1) «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) «Қостанай таңы» газеті редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

3. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары,   белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған бұл үшін уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66.

10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

           «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінде күн сайынғы (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс уақытының ұзақтығы, демалу мен тамақ ішуге арналған сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісімен, сағат 9.00-ден бастап   18.30-ға дейін белгіленеді.

11. Осы Ереже «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі

міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлт бірлігін нығайтуға, мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың өзара іс-қимылын үйлестіруге, мемлекеттік ақпараттық саясатты өңірлік деңгейде жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру.

15. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:         

1) «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жатқызылған құзырет шегінде мемлекеттік ішкі саясатты түсіндіру бойынша бағдарламалар әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;

2) азаматтық біртектілікті және Қазақстанның дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын қалыптастыру негізінде қоғамды топтастыру жөніндегі практикалық ұсынымдар, тұжырымдамалық негіздер мен ұсыныстар әзірлеу;

3) азаматтық қоғам институттарының қоғамдық-саяси үдерістерді басқаруға қатысуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл тетіктерін іске асыру;

4) халықтың хабардарлығын және Мемлекеттің даму стратегиясын қолдау деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік ақпараттық саясатты өңірлік деңгейде іске асыру;

5) өңірде болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістер мен олардың даму тенденциясын жан-жақты және объективті түрде зерделеу, жинақтау және талдау;

16. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жатқызылған құзырет шегінде ішкі саясат мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларын түсіндіру бойынша мемлекеттік және басқа да мүдделі органдарға әдістемелік көмек көрсету, облыстық ақпараттық топтың қызметін ұйымдастыру;

3) «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасының «Көркейе бер, Қостанай!», «Рақмет саған, Туған ел», «Облыстық ресурстық орталық» кіші жобаларын және «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасының шеңберінде барлық базалық бағыттарын ақпараттық сүйемелдеуді іске асыру;

4) мемлекеттік органдардың «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жатқызылған құзырет шегінде этносаралық қатынастарды нығайту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіру;

5) мемлекеттік органдардың мемлекеттік рәміздерді көпшілікке тарату жөніндегі жұмысын және аталған салада Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау бойынша мониторинг ұйымдастыру;

6) мемлекеттік органдардың Қостанай облысының аумағында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпте мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіру;

7) Қостанай облысының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинау мен қорыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

8) мемлекеттік ақпараттық саясатты өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы іске асыру;

9) Қостанай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және жүзеге асырылуын бақылау;

10) Қостанай облысының Азаматтық қорғау Ақпарат қызметінің жұмысын ұйымдастыру;

11) Қостанай облысының аумағында қоғамдық-саяси ахуал жағдайы туралы социологиялық және мониторингтік зерттеулер жүргізу;

12) «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жатқызылған құзырет шегінде гендерлік саясатты іске асыру;

13) Қазақстан Республикасының заңңамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

         17. Ведомстволық бағынысты ұйым «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) медиа-жоспарларын әзірлеу және брифингтер мен баспасөз мәслихаттарын өткізуді ұйымдастыру;

2) бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін ақпараттық материалдар қалыптастыру;

3) тақырыптық бағыттар бойынша деректердің ақпараттық қорын жинай отырып өңірдегі ақпараттық алаңның ағымдағы жағдайына талдау жасау;

4) жиналған материалдардың негізінде ақпараттық алаңды дамытудың талдамалық және болжамдық құжаттарын, сценарийлік жоспарларын дайындау;

5) мемлекеттік ақпараттық саясатты интернет-кеңістігінде ілгерілету;

6) Қазақстан Республикасының заңңамасымен қарастырылған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру.

18. Ведомстволық бағынысты ұйым «Қостанай таңы» газеті редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің функциялары:

1) республика мен облыстың экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің оқиғалары туралы көкейтесті, объективті мазмұны және толық ақпараты, сондай-ақ оқырманды қызықтыратын басқа да ақпараты бар «Қостанай таңы» газетін және оның қосымшаларын шығару және тарату;

2) мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер;

3) кейіннен жариялау үшін ақпараттық, әдеби-публицистикалық және басқа материалдарды жинау, дайындау және редакциялау;

4) қоғам өмірінің қоғамдық, саяси және экономикалық саласында дербес және бірлескен зерттеулер жүргізу;

5) жарнамалар, хабарландырулар, құттықтаулар және жарияланымдарды жариялау жөнінен ақылы қызмет көрсету.

19. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпарат сұрату, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселерді дайындауға қатысуға тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

         2) облыс әкіміне ішкі саясат саласында мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарауына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және өзге де материалдар дайындауды жүзеге асыру;

         3) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің саласына қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысу;

         4) ішкі саясат саласының мәселелері қарауына жататын және «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын өзге де мәселелері бар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;

5) қызметін стратегиялық, операциялық жоспарларға, сондай-ақ «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асыру;

6) өз қызметін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

20. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

21. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

22. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары бар.

23. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

       1) «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басшылық жасайды және «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілік жүктейді;

2) «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ сот органдарында сенімхатсыз «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

         24. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

     

    25. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

          «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

         26. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

          27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

28. «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.   

___________________________




хат жіберу