Блог статистикасы
196
Жазбалар
2597
Өтініштер
113246
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Сабылайс жемқорлыққа қарасы іс-қимыл

«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі

саясат басқармасы» ММ басшысының

2017 жылғы  «14» 04. №73 бұйрығымен бекітілген

 

 

«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

1.      Қоғамдық қатынастар саласының атауы: ішкі саясат

2.      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Қостанай

облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ 

3.      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану мен орындау:

1)      сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Ішкі саясат басқармасының қызметінде

функцияларды жүзеге асыру мен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде қолданылады;

2)      сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты Басқарманың барлық қызметшілері

орындауға міндетті;

3)      сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындауға

Басқарманың барлық қызметшілері дербес жауаптылықта болады.

 

4. Қоғамдық қатынастарды оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдардың

мінез-құлық (іс-қимыл) ережесі

 

4.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

1) Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар Басқарманың ережесін басшылыққа алу;

2) Қазақстан халқының бірлігі мен еліміздің ұлтаралық келісімін нығайтуға ықпал ету, мемлекетік және басқа да тілдерді, Қазақстан халқының салттар мен дәстүрлерін құрметтеу;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;

4) адал, әділ, қарапайым болу, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалар өкілдерімен және әріптестермен өзара қарым-қатынас жасауда жалпы жұрт қабылдаған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, сыпайылық және биязылық таныту;

5) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін                    қозғайтын шешімдерді қабылдауының айқындылығын қамтамасыз ету;

6) өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға ұшырауға, сынаған үшін қудалауға жол бермеу, кемшіліктерді жою және өз қызметін жақсарту үшін сындарлы сынды пайдалану;

7) жеке мәселелерін шешу кезінде мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызметшілер мен басқа да тұлғалардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбау;

8) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;

9) заңмен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеу;

10) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын, еңбек режимі мен жағдайларының, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету

11) лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде әділ болу және саяси партиялар, қоғамдық және діни бірлестіктерден тәуелсіз болу;

4.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде:

1) тікелей басшыға қызметтік міндеттерді атқару кезінде мүдделер қақтығысының, жеке қызығушылықтың туындағаны туралы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа және сыйлықтар алуға ауытқуы туралы баяндау;

2) әріптестерге, басшыларға және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлық жасамау және мүліктік пайда немесе игіліктер не артықшылықтар алу үшін лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып қызметтік емес қызмет көрсетпеу;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік таныту;

4) сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мәлім болған жағдайда, сондай-ақ материалдарды жедел қарау немесе төрешілдіктен қашу үшін  қандай да бір пайда алуға ауытқу туралы дереу басшылыққа баяндау;

5) атқару үшін алынған өкімнің заңдылығына күманданған жағдайда бұл туралы тікелей басшыға жазбаша түрде дереу хабарлау;

6) егер мүдделер қақтығысына тікелей басшының өзі қатысты болса, жоғары тұрған басшылыққа жүгіну;

7) табыс табуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге көмектесуден бас тарту.

4.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобасын дайындау кезінде:

1) нормативтік құқықтық актілердің жобасын дайындау мен талықылауына қоғамның міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету;

2) нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобаларын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін бұқарамен талқылау үшін  ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру;

3) сыбайлас жемқорлық факторларын немесе олардың белгілерін қамтитын нормаларды нормативтік құқықтық актілерде пайдаланбау.

4.4. Тіршілік ету саласының ерекшелігіне байланысты пайда болған өзге де өзара қарым-қатынаста:

1) қарамағындағы лауазымды тұлғалардың міндеттері мен лауазымдық өкілеттігінің көлемін нақты және анық белгілеу;

2) қарамағындағы лауазымды тұлғалардың арасындағы еңбек жүктеменің тең емес бөлуіне жол бермеу;

3) олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік және әділеттілік таныту;

4) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауға, дөрекілік фактілеріне, адамның қадір-қасиетін қорлауға, әдепсіздікке, әдепсіз мінез-құлыққа жол бермеу;

5) анық орындай алмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттерінің шеңберінен тыс, сондай-ақ заңдарға қайшы келетін өкімдерді бермеу;

6) қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу кезінде бағынышты қызметкерлердің қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбау;

7) бағынышты қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелемеу;

8) әріптестердің өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлі шараларды өз уақытында қабылдау;

9) мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, қызметтік мақсатта автокөлік құралдарын қоса алғанда, меншікті ұтымды, тиімді пайдалану, сондай-ақ жұмыс уақытын тиімді пайдалану.

 

5. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар

 

5.1. Егер мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие болса, ол осы құқық бұзушылықтың алдын-алу және тоқтату бойынша шаралар қолдануы қажет, сонымен қатар жоғары тұрған басшылығын, жұмыс жасайтын мемлекеттік орган басшылығын, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша түрде дереу хабарлау тиіс. Мемлекеттік қызметші сонымен қоса, егер оны басқа адамдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасауға итермелеген жағдайда көрсетілген тұлғалар мен органдарға жазбаша түрде дереу хабарлау тиіс.

5.2. Кәсіпкерлік қызметті, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды атқаруымен үйлеспейтін қызметті жүзеге асыруға; жеке және заңды тұлғалардан лауазымдық міндеттерін атқаруымен байланысты сыйақы алуға (сыйлық, ақшалай сыйлық, қызмет көрсетулер, ойын сауық, демалыс, көлік шығынын төлеу және өзге де сыйақылар).

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті
Мекен жайы: Қостанай қаласы Қасымханов көш, 34,
Сенім телефондары: 393-165
электрондық пошта: mgskos@mail.ru
Министрліктің сайты: http://kyzmet.gov.kz







хат жіберу